Атырауда 29 жастағы қыз жоғарғы қабаттан секіріп кетті

Еркеғали Болатұлы

Ол жүйке аурулары бойынша есепте тұрған

фото: ашық дереккөз

Атырау қаласындағы Алмагүл шағын ауданында 29 жастағы қыз биіктен құлап, көз жұмды.

AtyrauPress сайтының мәліметінше, оқиға бүгін сағат 11:30 шамасында болған.

1994 жылы туған қыз жоғарғы қабаттан құлап, қаза тапты. Ол жүйке аурулары бойынша есепте тұрған, – делінген хабарламада.