×

Кәрім Мәсімовтің аппеляциялық шағымы әлі сотқа жетпеген

ҰҚК экс-төрағасының орынбасарлары да апелляциялық шағым түсірген

 Халық үні 23.05.2023 | 10:02
коллаж: Halyq Uni

18 жылға бас бостандығынан айырылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірген. Ақпаратты Астана қаласы сотының баспасөз қызметі растады. Кәрім Мәсімовтің орынбасарлары да апелляциялық шағым түсірген.

Алайда, Астана сотының баспасөз қызметі ҰҚК экс-төрағасының аппеляциялық шағымы бойынша іс әлі сотқа түспегенін хабарлады.

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Кәрім Мәсімов қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал оның орынбасары болған Әнуар Садықұлов қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 16 жылға сотталды. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Олар генерал атағынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама