Антикор мекемеге бірқатар ұсыныс енгізді
Атырау облысында монополист 2 жылдан аса уақыт кәсіпкерлерге әкімшілік кедергі келтірген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы бойынша департаментінің мәліметінше, «Атырау облысы Су арнасы» су бұру және сумен жабдықтау бойынша 1 қызметін негізсіз 4 дербес қызметке бөліп, жергілікті актілермен регламенттей отырып, қызмет көрсетудің мерзімін ұзартқан. Салдарынан 28 күннің орнына қызмет көрсету мерзімі бірнеше айға, ал кейбір жағдайларда бір жылға дейін ұзартылды. 2020-2022 жылдары 1600-ден аса кәсіпкер осындай қызмет алған.
Мәселе Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің араласуынан кейін ғана шешіліп, ол монополистке бірқатар ұсыныстар енгізді.
Заңсыз тәжірибе тоқтатылды. Қызмет көрсету тәртібі заңнамаға сәйкес келтірілді.