×

Мүгедек балаларды унитазға байлап қойған оқиғаға қатысты қылмыстық іс жабылды

Оқиға Атырау қаласындағы орталықтардың бірінде болған

Скриншот: instagram.com/atyrauoil.news/

Биыл жазда әлеуметтік желілерде Атыраудағы №3 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында түсірілген видео тарап, унитазға байланған балаларға қатысты бейнежазба қоғамда резонанс туғызды.

Орталық психологиялық-неврологиялық ауытқуы бар балалардың мектеп-интернаты ретінде құрылған. Осы мекеменің бұрынғы қызметкері Ұлбике Бисекенова мамандардың кішкентай балаларға қалай қарайтынын видеоға түсіріп, желіге салып жіберген. Роликтен екі баланы унитаздың тұтқасына төсек жаймамен байлап тастағанын анық көруге болады. 

Осы оқиға бойынша жергілікті полиция Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, орталықтың екі тәрбиешісі күдікке ілінді.

Арада бірнеше ай өтті. Атырауда мүгедек балаларға арналған арнайы орталықтың тәрбиешілерінің іс-әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілері анықталған жоқ. Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, екі тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс жабылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама