Семейде көпқабатты үйден құлаған бала аман қалды
Сәби төртінші қабаттың терезесінен асып кеткен
Семей қаласының №1 шағын аудандағы тұрғын үйлердің бірінен 3 жасар бала құлап, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Obvk.kz-тің хабарлауынша, ол 4-қабаттың терезесінен асып кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, 22 мамырда cағат 12:30 шамасында 2019 жылы туған бала 4-қабаттың терезесінен тормен бірге төмен қарай ұшып түскен. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келіп жетіп, сәби шұғыл түрде облыстық аурухананың балалар бөліміне жеткізілді.
Ол көптеген жарақат алған.