Halyq Uni логотип
×

ҰБТ: бейнежазбалар 31 қазанға дейін тексеріледі

Тест тапсыруға 166 мың талапкер өтінім берген

 Дәурен Ерболат 22.05.2023 | 17:55
ҰБТ: бейнежазбалар 31 қазанға дейін тексеріледі
Фото: instagram.com/ruslan_yemelbayev

Биыл ҰБТ тапсыру кезінде түсірілген видеолар 31 қазанға дейін тексеріледі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу 18 мамыр мен 5 шілде аралығында жүргізіледі.

Руслан Емелбаевтың айтуынша, түлек тест тапсырған соң әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау жүргізе алады.

Балалар өз нәтижесін, сондай-ақ қай тақырыптан қате жібергенін көріп, ҰБТ-ны екінші рет тапсыруға дайындығын жақсарта алады, - деді директор ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Талапкерлер ҰБТ-ны тапсырғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш беруге хақылы.

Сертификатты апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінен алуға болады. Биыл ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін тестке қатысты бейнежазбаларға талдау жасалып, түсірілген видео тексеріледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже талаптарын орындамау фактілері анықталған жағдайда, бұл талапкерлердің ҰБТ-ға қатысты нәтижесі жойылады, - деді Руслан Емелбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама