Ол Германия Қылмыстық кодексінің 177-бабында көзделген қылмыс жасаған
Астанада зорлық-зомбылық үшін халықаралық іздеуде жүрген германиялық азамат ұсталды, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елордада жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Германияның 1960 жылғы азаматын ұстады.
Қылмыскер Германия Қылмыстық кодексінің 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.
Ол қазір Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторында қамауда жатыр.