Halyq Uni логотип
×

Елордада халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы қамауға алынды

Ол Германия Қылмыстық кодексінің 177-бабында көзделген қылмыс жасаған

 Еркеғали Болатұлы 22.05.2023 | 17:42
Елордада халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы қамауға алынды
фото: ашық дереккөз

Астанада зорлық-зомбылық үшін халықаралық іздеуде жүрген германиялық азамат ұсталды, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елордада жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Германияның 1960 жылғы азаматын ұстады.

Қылмыскер Германия Қылмыстық кодексінің 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.

Ол қазір Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторында қамауда жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама