×

Елордада ломбардтан алтын ұрлаған шетелдік азамат ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 22.05.2023 | 16:38
Фото: polisia.kz

Астанада ломбардтан алтын алқа ұрлаған шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Алматы ауданының жедел уәкілдері ұрлыққа қатысы бар Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматын анықтаған. Кешкі уақытта ер адам ломбардқа барған. Зергерлік бұйымдарды қарастырып, оның көзіне 312 мың теңге тұратын алтын алқа түскен. Сатып аламын деген сылтаумен ол ломбард қызметкерінен, өлшеп көру үшін әшекейді сұраған және ала салысымен қашып кеткен. Ломбард қызметкері ер адамның соңынан қуып жетуге тырысқан, алайда ол қашып үлгерген. Танысына сатып жіберген алтын алқаны полиция тәркіледі.

 Қазір шетелдікке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындап, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама