Halyq Uni логотип
×

ҰБТ тапсыратын мүмкіндігі шектеулі түлектердің саны артып жатыр

Биыл да түлектер негізгі тестті 2 рет тапсыра алады

 Дәурен Ерболат 22.05.2023 | 15:55
ҰБТ тапсыратын мүмкіндігі шектеулі түлектердің саны артып жатыр
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыратын мүмкіндігі шектеулі түлектердің саны артып жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл негізгі ҰБТ 18 мамыр мен 5 шілде аралығында жүргізіледі. Бүгінде оған 166 мың талапкер өтініш тапсырған. Білім беру грантының жалпы саны – 88 мың: бакалавриат – 73 мың, магистратура – 13 мың, докторантура – 1 890 грант. 13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін ұсынылады. ЖОО-ға қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Биыл да түлектер негізгі ҰБТ-ны 2 рет тапсыра алады. Сондай-ақ Қуаныш Ерғалиев тест тапсырғысы келетін мүмкіндігі шектеулі түлектерге қолайлы жағдай қарастырылғанын атап өтті.

Мысалы, олар үшін ҰБТ-ны тапсыру уақыты 40 минутқа ұзартылды. Осы санаттағы түлектер үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар жасалды. Бұл шаралардың нәтижесінде ерекше білім беру қажеттігі бар түлектердің саны артып жатыр. Егер 2021 жылы негізгі ҰБТ-ға 90 бала қатысса, 2022-2023 жылдары олардың саны 500-ге жақындады. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады, - деді вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама