Алматыда мас жүргізуші полицейді қағып кетті (ВИДЕО)
Жүргізуші мен тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілді
Алматыда мас жүргізуші полицейді қағып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 21 мамырда таңғы сағат 6-да Toyota автокөлігінің жүргізушісі мас халде Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Назарбаев даңғылымен қиылысар жерде оны тоқтатуға тырысқан тәртіп сақшысын қағып кеткен. Одан кейін Toyota жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талаптарына бағынбай, қашпақ болған.
Ақыр соңында Желтоқсан мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында жүргізуші бағдаршам бағанына соғылды.
Полиция қызметкері мен жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Бұл деректі Медеу аудандық ПБ тергеп жатыр.