Жедел жәрдем оқиға орнына 4 минутта барған
Павлодар қаласында бала 8-қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға А. Шөкин көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Жедел жәрдем қызметіне қоңырау кешкі сағат 20:16-да түскен.
Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 4 минутта жетті. Сегізінші қабаттан ұлдың құлап кеткені анықталды. 2017 жылы туған бала көз жұмды, - деп жазылған хабарламада.