Halyq Uni логотип
×

Павлодарда 6 жасар бала 8-қабаттан құлап кетті

Жедел жәрдем оқиға орнына 4 минутта барған

 Дәурен Ерболат 22.05.2023 | 12:56
Павлодарда 6 жасар бала 8-қабаттан құлап кетті
Фото: rusdialog.ru

Павлодар қаласында бала 8-қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға А. Шөкин көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Жедел жәрдем қызметіне қоңырау кешкі сағат 20:16-да түскен. 

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 4 минутта жетті. Сегізінші қабаттан ұлдың құлап кеткені анықталды. 2017 жылы туған бала көз жұмды, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама