×

Елімізде орман өрттерінің саны 70 пайызға көбейген

Өрт қаупі кезеңі басталғаннан бері 42 орман өрті және 215 дала алқабының жануы тіркелген

 Қымбат Елтайқызы 19.04.2022 | 11:25
фото: ТЖМ

Республикада өрт қаупі кезеңі басталды. Биыл оңтүстік өңірлерде 24 наурызда, ал солтүстік, орталық, шығыс және батыс өңірлерде 4 сәуірде өрт қаупі кезеңі басталды. 

Өрт қаупі кезеңі басталғаннан бері 42 орман өрті және 215 дала алқапбының жануы тіркелді. Жалпы жану алаңы 1650 мың гектарды құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда орман өрттерінің саны 68%-ға өсті. Өрт көлемі 4 есе азайып, 668 гектарды құрады.  Орман-дала өрттері Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарында болды. Биыл Қазақстан аумағында бірнеше ірі өрт тіркелді, – дейді төтенше жағдайлар министрлігі.

Мәселен, 14 сәуірде Петропавлда қамыс өртеніп, кейіннен өрт «ТКШ, жолаушылар көлігі және әкімдіктің автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің жалпы ауданы 15 га болатын аумағына жайылды. Сағат 20:49-да өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті жоюға құрамында 45 адам және 7 техникасы бар ТЖД, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары жұмылдырылды. 

«15 сәуірде Павлодар қаласында «Надежда» және «Восточный» саяжай қоғамдарының аумағында жалпы ауданы 60 га құрғақ шөптер, бұталар, ағаштар, саяжай үйлері мен шаруашылық құрылыстары өртенді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті жоюға құрамында 137 адам, 18 техникасы бар ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өртке қарсы құрылымдардың және 5512 Ұлттық ұланның ә/б күштері мен құралдары және «ҚТЖ «ҰК» АҚ өрт пойызы жұмылдырылды», – делінген ақпаратта. 

ТЖМ орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты мониторинг, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар, рейдтік іс-шаралар, халық, орман және шаруа қожалықтары қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Биыл сәуірдің басынан бастап орман-дала алқаптары мен демалыс орындарында полициямен бірлесіп, 470 бірлескен рейд (патрульдеу) (саны 528 адам болатын 595 мобильді топ) өткізілді. Оның нәтижесінде заңсыз өртеу, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөпті құлату, стерниді өртеу және басқа да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 55 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

«Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері: сөндірілмеген темекі, от, жанып жатқан сіріңке, атудан кейін бықсыған шаң, майлы шүберек немесе шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік сөндіргіш ұшқыны, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағай разрядтары», – делінген мәліметте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама