×

Биыл көпбалалы отбасылар 135,4 млрд теңге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері әлеуметтік көмек 8,5% көбейген

 Дастан Жұмабекұлы 22.05.2023 | 09:51
фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері көпбалалы 540,7 мың отбасы 135,4 млрд теңге жәрдемақы алды.

Сәуір айында 548 мың отбасына 34,3 млрд теңге көлемінде жәрдемақы төленді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді.

Көпбалалы отбасылардағы:

- 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

- 8 және одан да көп балаға – әр бала үшін 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, елімізде көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың 3 негізгі бағыты аясында енгізілген.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың көлемі 8,5% көбейген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама