Halyq Uni логотип
×

Өскенменде әскери прокурор сарбаздармен жеке сөйлесті

Ол бөлімдегі сарбаздардың жағдайын білгісі келген

 Дәурен Ерболат 22.05.2023 | 09:16
Өскенменде әскери прокурор сарбаздармен жеке сөйлесті
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Өскемен гарнизонының әскери прокуроры №27943 әскери бөлімінде болып, әскери қызметкерлер және сарбаздармен сөйлесті, деп хабарлады Altaynews.kz.

Әскери прокурор, әділет полковнигі Есжан Сыбанбаев әр сарбазбен және әскери қызметкермен жеке-жеке сөйлесті. Ол түрлі тақырыпта әңгіме жүргізіп, түрлі сұраққа жауап берді.

Мұндай профилактикалық жұмыстар әскердегі кемшілікті айқындауға, түрлі құқықбұзушылықтар мен суицидтік әрекеттердің алдын алуға, сап түзеп жүрген сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысып, олардың психологиялық-моральдық жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді, - деп жазылған Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама