Halyq Uni логотип
×

Талдықорғанда иесі бар алабай көшедегі адамды қауып алды (ВИДЕО)

Иттің иесі – 43 жастағы әйел

 Еркеғали Болатұлы 21.05.2023 | 17:12
Талдықорғанда иесі бар алабай көшедегі адамды қауып алды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Талдықорғанда үлкен алабай ересек адамға тап беріп, қауып алды. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті.

Байлаудан босап кеткен алабай өтіп бара жатқан адамға тарпа бас салған. Ер адам иттен әрең құтылған.

Алабай көшеде тап берді. Маған басқа адам көмектесті. Екеулеп әрең құтылдық. Сақ болыңыздар! Егер менің орнымда бала болса, аман қалмас еді, - деді жәбірленуші.

Иттің иесі – 43 жастағы әйел жергілікті тұрғын болып шықты. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әйел алабай тұқымдас үш итті асырайды. Олардың біреуі жіптен босап, көшеге шығып, өтіп бара жатқан адамды қауып алды. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Іс жүзінде хаттама жасалды, - деп хабарлады Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі.

Қазір әйел ветеринарлық қызметпен иттерді одан әрі асырау-асырамау мәселесін шешіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама