Төбелесті бастағандардың бірі бұрыш спрейін қолданған
Оралда автобус салонында төбелес болды. Соның салдарынан 2 адам жарақат алған. Бұл туралы «Мой город» хабарлады.
Оқиға 16 мамырда кешкі уақытта болған. БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, №2 жолаушылар автобусының салонында 2 ер адам бұзақылық ниетпен 26 және 23 жастағы 2 жігітті ұрған. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, олардың денесі көгерген.
Полиция қызметкерлері 32 және 53 жастағы екі адамды ұстады. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Төбелесті бастағандардың бірі бұрыш спрейін қолданған. Алайда полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірмеді.