×

Оралда автобуста 4 адам төбелесіп, екеуі зардап шекті (ВИДЕО)

Төбелесті бастағандардың бірі бұрыш спрейін қолданған

 Еркеғали Болатұлы 21.05.2023 | 15:17
фото: видеодан скриншот

Оралда автобус салонында төбелес болды. Соның салдарынан 2 адам жарақат алған. Бұл туралы «Мой город» хабарлады.

Оқиға 16 мамырда кешкі уақытта болған. БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, №2 жолаушылар автобусының салонында 2 ер адам бұзақылық ниетпен 26 және 23 жастағы 2 жігітті ұрған. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, олардың денесі көгерген.

Полиция қызметкерлері 32 және 53 жастағы екі адамды ұстады. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Төбелесті бастағандардың бірі бұрыш спрейін қолданған. Алайда полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірмеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама