×

Түркістан облысында жасөспірім ит тістегеннен кейін бір жылдан соң көз жұмды

Өлім себебі «құтырма ауруы» деп болжанып отыр

 Халық үні 18.04.2022 | 17:25
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында 14 жастағы жасөспірім ит тістегеннен кейін бір жылдан соң қайтыс болды. Өлім себебі «құтырма ауруы» деп болжанып отыр.

Ата-анасының айтуынша, өткен жылғы мамырда баланың аяғын ит тістеп алған. Алайда олар медициналық көмекке жүгінбеген. 

Бір жыл өткен соң, 7 сәуірде жасөспірімде дене температурасының жоғарылауы, жарақат алған жердің ауырсынуы, әлсіздік сияқты клиникалық белгілер пайда болған. Дәрігерлер оған сүйек ауруына қарсы емдеу тағайындаған.

Тексеру өткеннен соң жасөспірімде бүйректің қабынуы анықталып, соған сәйкес ем алған. Бірақ беті бері қарамаған.

Жағдайы күрт нашарлаған баланы 10 сәуірде жедел жәрдем аудандық ауруханаға апарып, жұқпалы аурулар бөлімінде оған «құтырма» диагнозы қойылған. 11 сәуір күні оқушы көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47