×

Елорданы түтін басты: Қазгидромет себебін атады

Астанадағы түтін иісінің пайда болу себептері айтылды

 Қымбат Елтайқызы 18.04.2022 | 16:45
фото: ашық дереккөзден

Бүгін Нұр-Сұлтанды түтін басты. «Қазгидромет» РМК-ның экологиялық мониторинг бекеттері ауадағы ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациясынан асып кеткенін тіркеді. Атап айтсақ, күкіртсутегі, шаң, азот оксиді, азот диоксиді шегінен асып кеткен.

NASA картасына сәйкес, 16-17 сәуірде Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт ошақтары байқалған. Бүгін бас қалада байқалған түтінге осы өрттер әсер етуі мүмкін, – дейді Қазгидромет.

Бұған қоса синоптиктер елордаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын басым болады. 18, 20-21 сәуірде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде температура 5...7 градусқа дейін біртіндеп жоғарыласа, күндіз 15...17 градустан 10...12 градусқа дейін төмендейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама