Stop-piramida.kz жобасының мақсаты – халыққа алаяқтар мен қаржы пимармидаларын анықтауды үйрету
Еліміздегі танымал белсенділер алаяқтықпен күрес бойынша қоғамдық коалиция құратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Қазақстанның қаржылық мәдениеті» қоғамдық қорының директоры Юрий Лидің айтуынша, алаяқтармен күресу мақсатында бұл жобаға кез келген мүдделі саяси және қоғамдық күштер қатыса алады.
«Қазақстандықтарды тонап жатқан қаржылық ұйымдар мен алаяқтардың белсенділігі күн сайын артып келеді. Бұған қоса, кономика мен қаржы туралы түрлі мифтерді тарататын манипуляторлардың белсенділігі ұдайы өсіп келеді. Сондықтан қоғам белсенділері, алаяқтықтың әртүрлі түрлеріне қарсы тиімді заңнамалық нормаларды әзірлеуге қатысуға дайынбыз, сондай-ақ халықтың мұндай әрекетке төтеп беруі үшін қажетті біліміміз бен тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», – деді Юрий Ли.
Айта кетейік, белсенділер алаяқтармен және жалған ақпарат таратушылармен күресу үлкен күш-жігерді қажет ететіндігін айтады. Сондықтан оған барлық мүдделі саяси және қоғамдық күштерді қатысуға шақырып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазақстанның қаржылық мәдениеті» қоғамдық қорының бастамасымен елімізде қаржы пирамидаларынан және интернет-алаяқтықтан қорғауды үйрететін сервис іске қосылған болатын. stop-piramida.kz жобасының мақсаты – халыққа алаяқтар мен қаржы пимармидаларын анықтауды үйрету. Сондай-ақ халықтың қаржылық мәдениеті пен иммунитетін нығайтып, қазақстандықтардың қаржылық, цифрлық және тұтыну мәдениетінің деңгейін шынайы арттыру.
Жоба жетекшісі Юрий Ли қаржы пирамидалары мен алаяқтардың бәрі бір схема бойынша жұмыс істейді деп есептейді.
Олардың бәрі қаржы салып, пайда табуға шақырады. Түсінген адамға ешбір инвестициялық нарық табысқа кепілдік бермейді. Себебі спекулятивті табыс болмаса, нарық болған соң, оған кепілдік жоқ. Алаяқтар азааттарға «пәтер ұттыңыз, көлік ұттыңыз, оны алу үшін осынша төлеңіз» деген ұсыныспен жиіа хабарласады. Соған несие алып, алданатындар болады, – деді жоба жетекшісі.
Оның пікрінше, алаяқтардың арбауына түспеу үшін ең алдымен асығыстық пен азарттан аулақ болу қажет деп есептейді.
«Себебі олар жәбірленушіні «акцияның соңғы күні» дегендей сылтаулармен асықтырады. Арзан тауар немесе көп ақшаны көргенде адамның сыни ойлау қабілеті жоғалады. Сол кезде әлгі адам әлі қолына алмаған пайдасын «жқмсай» бастайды. Кез келген ақпаратты тексеруге болады. Сондықтан қаржылық ұйым туралы мәлімет сұрау керек. Заңды түрде тіркелген кез келген ұйым қаржылық есептілігін көрсетпесе де лицензиясын айтады. Біздің сайтқа кіріп, сол ұйым лицезиясының бар-жоғын анықтауға болады. Сайтта қаржы ұйымдарын тексеруге қажетті барлық құралдар бар», – деді Юрий Ли.
Бұдан бөлек, ол интернет алаяқтықтың алдын алуды көздейтін жаңа жобаныны іске асырып жатыр. «Сапа сауда» деп аталатын жоба Instagram желісіндегі алаяқтардан сақ болуды үйретеді. Жоба аясында халықты алдаған онлайн дүкендердің қара тізімі жасалып жатыр. Кез келген қазақстандық желі арқылы сауда жасамай тұрып, дүкен туралы мәліметті тексере алады.
Алаяқ дүкендердің де жұмыс істеу әдісі бір-біріне ұқсас. Мәселен, парақша әдемі суреттермен безендіріледі, тіпті кейбірінде модель ретінде шынайы адамдарды пайдаланады. Сондай-ақ, арзан баға, жеңілдіктер мен жазылушылардың (көбіне жасанды цифрлар) көп болуы маңызды рөл атқарады. Тауардың құнын төлемей тұрып, тұтынушы аккаунт туралы ақпаратты қарап, дүкеннің орналасқан жерін көру керек. Көбіне Қазақстаннан гөрі Ресей, Кипр, Украина жиі көрсетіледі. Метада жеке есеп бар, одан жарнаманың қай жерден басқарылып тұрғанын көруге болады. Сонымен бірге дүкеннің атауы неше рет өзгертілгені жазылып тұрады. 4-5 рет ауыстырылған болса, күмән тудырмай қоймайды. Тағы бір маңызды назар аударатын мәселе – аккаунтқа жиі шағым айтылуы. Міне, осының негізінде ол дүкеннің рас жұмыс істейтінін немесе алаяқ екенін пайымдауға болады, – дейді қоғам белсендісі.