«Досының қарындасын зорламақ болған»: Жетісуда жаға ұстатар жағдай болды (ВИДЕО)
Жетісу облысының прокуратурасы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді
Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Достық станциясында досының қарындасын бірнеше рет зорламақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы видео Instagram желісіндегі krisp.tdk парақшасында пайда болды, деп хабарлайды Massaget.kz.
«Үш-төрт ай бойы ағамның досы 6-сыныпта оқитын кішкентай қызды зорламақ болды. Бұл туралы кеше ғана білдік. Қыз ата-анасының Алматыға кететінін біліп, жағдай қайталанады деп қорқып, бұл туралы анасына айтуды жөн көрді. Қыздың анасы тиіс орындарға шағымданған. Жетісу облысының полиция департаментінен ресми жауап беріп, мәселеге нүкте қоюды сұраймыз. Ер адам үйленген, отбасы бар», - делінген видеоның сипаттамасында.
Жетісу облысының прокуратурасы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-1-бөлігінде («Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») көзделген соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Достық» станциясының 23 жастағы тұрғыны ұсталып, айғақ беру үшін Алакөл аудандық полициясына жеткізілді. Қылмыстық істің тергелуі облыстық департаменттің ерекше бақылауына алынды. ҚР Кодексінің 201-бабына сәйкес ҚР Қылмыстық іс жүргізу, дерек бойынша толық ақпарат бера алмаймыз», - делінген ведомство хабарламасында.