Halyq Uni логотип
×

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аудит жасалып, тариф көтеріледі

Қазақстанда 3 млн-нан адам медициналық әлеуметтік сақтандырылмаған

 Айнұр Шошаева 19.05.2023 | 16:22
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аудит жасалып, тариф көтеріледі
Фото: aimak.com.kz

Қазақстанның Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өңірлердегі филиалдарына аудиторлық тексеріс жүргізіледі. Үкімет осылайша ұйымның бөлімшелеріне бақылауды күшейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтың мәліметінше, елімізде 3 млн адамның медициналық сақтандыруы жоқ. 

«Саланы созылмалы жеткіліксіз қаржыландыру Мемлекет басшысы айтқан негізгі проблеманың бірі болып табылады. Бұл проблема тарифтердің медициналық көмекке жұмсалатын шығындарында нақты сәйкес келмеуінен туындайды. Тегін медициналық көмек және МӘМС пакеттерінің арасында қызметтер ағыны да бар. Міндетті әлеуметтік-медциналық сақтандыру жарналары мен аудармаларының пайыздық мөлшері мысалы Чехия, Словения, Латвия, Молдовия сияқты кейбір елдерге қарағанда айтарлықтай төмен. Салықтың міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне жеткіліксіз тартылуы. Қазіргі уақытта 3 млн-нан астам адам сақтандырылмаған және МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметке қол жеткізе алмайды. Алайда өткен жылы халықты сақтандыру мен қамтуда оң динамика байқалуда. Бір жылдың ішінде МӘМС-ке қатысушылардың саны 600 мыңға өскен», – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Сондай-ақ ол ол бизнес процесстерді цифрландырудың төмен деңгейі мен  медициналық ақпараттық жүйелердің бытыраңқылығына тоқталды. Оның пікірінше, бұл денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржыны басқарудың және ашықтықтықтың жеткіліксіздігіне әкеледі.  

Бүгінде біз медициналық қызметтің сапасын бақылау және жақсарту үшін жүйенің ашықтығын қамтамасыз ететін бірыңғай жүйе жасап жатырмыз. Шығыстарды бақылау және қызметтерді негізсіз мөлшерден асыра тұтынудың алдын алу үшін нормативтік-құқықтық база қатаңдатылады. Сатып алу кезінде қаржыныны үлестірудің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Медициналық қызметті көрсетушілерге талап жоғары болады. Заңнамалық деңгейді ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсету бағдарламасы қабылданды. Кепілдік бағдарламасында пакеттерді нақты ажырату болады, бұл қолда бар ресурстарға медициналық көмек көрсету тәртібі мен тізбесін реттеуге мүмкіндік береді, – деп қосты ол. 

Бұған қоса кепілдендірілген медициналық көмек көлелі мен МӘМС-тің қаржысын бір пулға біріктіруді қамтамасыз ететін заңнаманы қабылдау жоспарланып отыр.  Бұл медицина қызметкерлері үшін пакетті әкімшілендіруді жеңілдетеді және халыққа медициналық көмек көрсету процесін жеделдетеді. 

«Сонымен қатар сақтандырылмаған азаматтарды қамту мәселесі бар. Еңбек министрлігінің Отбасының цифрлық картасының деректері 1,5 миллионға жуық адамның жарналар мен аударымдарды төлей алатынын көрсетеді. Олар МӘМС жүйесіне, оның ішінде жұмыспен қамту платформасы арқылы тартылатын болады. Алайда елімізде дағдарыс жағдайында тұрған миллионға жуық адам қалды. Олардың медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуының мүмкін механизмдері әртүрлі деңгейлерде талқыланады. Бұған әлеуметтік қолдау бағдарламасы, субсидияланған сыйлықақылар және т. б. кіруі мүмкін», – деді Сұлтанғазиев. 

Бұдан бөлек, вице-министр медицналық сақтандыруды цифрландыру аясында жақында Е-densaulyq бірыңғай эко-жүйесі іске қосылатынын атап өтті. Оның пікірінше, жүйе медициналық қызметтерді тұтынушылардың виртуалды шоттарындағы жеке қаржылық есеп пен ақшаны бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар QR кодтау және SMS арқылы қызмет алушылармен медициналық қызметтерді алғанын растау үшін кері байланыс жүзеге асырылады.

Жоғары аудиторлық палатамен бірлесіп, аудит жүргізу арқылы қор бөлімшелерінің қызметіне бақылау күшейту жоспарланып отыр. Келетін шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелерін ерікті медициналық сақтандырумен қамту жөнінде заңнамалық шешімдер қабылданды. Сонымкн қатар қызмет көрсетушілерді сұранысқа ие сапалы көрсетуге ынталандыру үшін медициналық  көмек стандарттарына сәйкес келтіре отырып, медициналық қызметтерге тарифтерді кезең-кезеңмен қайта қаралынатын болады, – деді Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Сұлтанғазиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама