Сот отырысында әйел өз кінәсін мойындады
Атырауда шетелдік әйел жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметінше, сотта Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңнамасын бұзған Армения Республикасының азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған.
Сотта анықталғандай, әйел 2019 жылғы қарашада еліміздің аумағына өтіп, Атырау қаласына келіп, заңнамада белгіленген мерзім өтіп кетсе де 10 тәуліктен асатын кезең ішінде елден кетуден жалтарған.
Сот отырысында әйел өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.
Сот қаулысымен шетелдік әйел ӘҚБтК 517-бабының 4-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 86 250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.