4 адам жазадан босатылды
Алматы сотында 2022 жылғы қаңтар оқиғасы бойынша 25 сотталушыға қатысты қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қаңтар оқиғасына қатысқандарға сот үкімі шықты.
Сот 2022 жылдың 4-5 қаңтар аралығында Алматы қаласының түрлі бөлігінде 25 сотталушының жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, аса ірі мөлшерде ұрлық жасады, тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіріп, ірі залал келтіре отырып көлік құралдарын айдап әкетті, қауіпті өндірістік нысаның аумағына, сондай-ақ арнайы органдар күзететін басқа да нысандарға заңсыз кіргенін анықтады.
Бұл елеулі залал тигізіп, басқа да ауыр зардаптарға әкеп соқты. Сондай-ақ олар алдын ала сөз байласу арқылы өздерінің оқ-дәрілерін, атыс қаруларын ұрлап әкеткен, төтенше жағдай жарияланған жерде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адамдар тобы алдын ала сөз байласып, билік өкілдерінің денсаулығына залал тигізіп, олардың мүлкін бүлдіргені және жойғаны анықталды, - делінген Алматы соты таратқан ақпаратта.⠀
Жаза тағайындау кезінде мынадай мән-жайлар ескерілді:
Сот үкімімен 20 азаматқа Рақымшылық жасау туралы заң қолданылып, 9 айдан 1 жыл 9 айға дейінгі мерзімге шартты жаза тағайындалды.
4 адам Рақымшылық туралы заң қолданылып, олар жазадан босатылды.
1 азамат қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.