Зейнетақы төлемдері еңбек еткен жылдар үшін қайта есептеледі
Үкімет қаулысының жобасы әзірленді
Қорғаныс министрлігі «2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге жеткізуді ескере отырып, оларды қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексі 212-бабының 11-тармағына сәйкес, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидалары бекітілсін, – делінген Үкімет қаулысының жобасында.
Сонымен бірге «2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы №940 қаулысының және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы №706 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды.