Halyq Uni логотип
×

Шымкенттік зейнеткер аурухананың 3-қабатынан секіріп кеткен

Куәгерлердің айтуынша, 1-2 күн бұрын оған ұлы келіп-кеткен

 Еркеғали Болатұлы 19.05.2023 | 11:25
Шымкенттік зейнеткер аурухананың 3-қабатынан секіріп кеткен
фото: дереккөз

Шымкентте 72 жастағы ер адам №1 қалалық аурухананың 3-қабатындағы терезеден секіріп, қаза тапты. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Қайғылы оқиға кеше түнде болған. Зейнеткердің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Белгілі болғандай, зейнеткер ауруханаға өз-өзіне қол жұмсамақ болған кезінде түскен. Дегенмен бұл ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы әлі растаған жоқ.

Ол Әл-Фараби ауданындағы Айқап шағын ауданында тұрған. Отбасы мен бала-шағасы бар. Куәгерлердің айтуынша, 1-2 күн бұрын оған ұлы келіп-кеткен...

Қазір барлық нұсқалар тексеріліп, мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама