×

4 млн теңге: Жетісайда әйел ломбард қызметкерлерін алдап кетті

Оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 18.05.2023 | 17:28
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында алаяқ алтынға ұқсас әшекейлерді ломбардқа 4 млн теңгеге өткізген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне ломбардтан арыз түскен. Шағымданушы ер адамның айтуынша, сенімге кірген әйел алтынға ұқсас әшекейлерді алдап өткізіп, жәбірленушіге 4 млн теңге шығын келтірген.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеуге алынды.

Жергілікті тұрғын анықталды. Белгілі болғандай, тұрақты тұтынушы болған күдікті әйел алғашқы уақытта алтынның өзін өткізіп, артынан әшекей алқаларды да қосып отырған. Ал ломбард қызметкерлері алтындардың жасанды екенін байқамай қалған. Әйел ақшаны бас пайдасына жаратқан, – деді Жетісай ауданы ПБ анықтау бөлімшесінің бастығы Зауытбек Әліқұлов.

Қазір күдікке ілінген әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама