Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда педофил құрбаны болған балалардың құқығы қалай қорғалып жатыр

Қылмысқа туыстарының да қатысу бар болуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 18.05.2023 | 15:38
Қазақстанда педофил құрбаны болған балалардың құқығы қалай қорғалып жатыр
Фото: pexels

Бүгінде Қазақстанда педофилия мәселесі өзекті. Бұл туралы БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур Ван Дизен айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Журналистер ОКҚ-де өткен дөңгелек үстелде ЮНИСЕФ өкіліне сұрақ қойды: «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, педофил құрбаны болған қазақстандық балалардың құқығы қалай қорғалып жатыр. Олар сіздерден (ЮНИСЕФ) көмек сұрап келді ме?».

Артур Ван Дизен мәселе өзекті екенін жеткізді.

Сіз жыныстық зорлық-зомбылық туралы айтып отырсыз. Өкінішке қарай 2021 жылы 956 іс тіркелді. Балаларға жасалған барлық қылмыстық істің 43%-ы жыныстық зорлық-зомбылық болып саналады, яғни күніне 2-3 жағдай болған. Бұл – Қазақстандағы жағдай. Егер бізге белгілі жайт осылай болса, бізге белгісізі қанша? Бұл біздің алаңдаушылығымызды турдырады, - деді ол.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров жыныстық қылмысқа талдау жүргізілгенін атап өтті.

Биыл жалпы (балаларға қарсы жасалатын) жыныстық қылмыс дерегінің аздап төмендегені байқалады. Қылмыстың 60%-дан астамын жақын адамдар жасайтыны анықталды: әкелер, өгей әкелер, жақындары, таныстары және тағы басқа. Осындай қылмыстың 40%-ы 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге жасалады. Қазақстанда мұндай қылмысқа баратындар - көбіне 18-25 жасқа дейінгілер», - деді ІІМ өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама