Halyq Uni логотип
×

«Пара беруге көндірген»: Кентаудың экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталды

Рашид Аюпов 2022 жылдың наурызында Кентау әкімі болды

 Халық үні 18.05.2023 | 09:19
«Пара беруге көндірген»: Кентаудың экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталды
Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповке қатысты тергеуді аяқтады.

2013 жылы ол премьер-министр кеңсесінің қызметкері болып, ірі жекеменшік компаниясының меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірді, - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берген.

Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсады. Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған, тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр, - делінген ақпаратта.

Қазір қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан қаласы мен Кентау қаласының әкімі болған Рашид Аюпов бірнеше айдан бері уақытша тергеу изоляторында қамауда отырғаны белгілі болды.

Рашид Аюпов 2022 жылдың 17 қазанынан бері Астана қаласы бойынша түзеу қызметі департаментінің № 64 (СИЗО) аралас күзет мекемесінде қамауда отыр.

Ол 1981 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Ол әр жылдары Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, Кентау қаласының әкімі лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың 13 шілдесінде Түркістан облысы Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Мақажановқа қатысты сот үкімі шықты. Ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама