Halyq Uni логотип
×

«Қазақстан халқына» қоры ауылдың 20 мың оқушысын жазғы лагерьге жібереді

Қор бұл мақсаттарға 1,94 млрд теңге бағыттайды

 Айнұр Шошаева 18.05.2023 | 09:37
«Қазақстан халқына» қоры ауылдың 20 мың оқушысын жазғы лагерьге жібереді
Коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда ауылда оқитын 20 мың оқушыға жазға лагерге жолдама беріледі. Жолдаманының құнын «Қазақстан халқына» қоры төлейтін болады, деп хабаолайды Halyq Uni

Қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішевтің айтуынша, ұйымның қамқоршылық кеңесі күні кеше осындай шешім қабылдаған. 

«20 мың ауыл оқушысын жазғы демалыс кезінде лагерьге жіберу жобасын мақұлдады. Бұл жобаны өте маңызды деп есептейміз. Біз жергілікті бюджеттік бағдарламаның онын алмастырмаймыз. Тек ауылда оқитын оқушылардың демалысын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттердің шығыстарын толықтырамыз. Себебі лагерлерде демалыстардан бөлек, түрлі бағдарламаларды қамтиды», – деді ол «Білімді ұрпақ – білімді ел» атты конференцияда. 

Сондай-ақ еліміздегі ерекше қажеттілігі бар балалардың жазғы лагерьге баруын ұйымдастыру мәселесіне тоқталды. 

Қамқоршылық кеңесінде бұл жобааға ерекше қажеттілігі бар балалардың қатысуы туралы сөз қозғалды. Бұл жерде қосымша шешілуі тиіс мәселелер бар. Әрине әр баланы мектеп лагеріне жібере алмайтынымыз түсінікті. Алайда бара алатындар үшін ережеге өзгеріс енгізіп, лагерьдің жолдамасымен бірге алып жүретін адам үшін кететін шығынды да қарастыруға әзірміз. Жергілікті атқарушы органдар екі аптаның ішінде ерекше балаларды лагерге жіберу туралы өз ұсыныстарын берсе, біз қарастыруға дайынбыз, – деді Болат Жәмішев. 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бұл жобаға лагерьлермен бірге өңірлердегі жақсы демалыс орындарын тарту көзделіп отырғанын айтты. 

«Негізгі мақсаты балаларды, оның ішінде ерекше білімге қажеттілігі бар балаларды қамту. Бұдан бөлек Пезидент балалар үшін демалыс орындарын бүкіл өңірлерде салу туралы тапсырма берді. Келесі жылы іске асыру басталады. Біз жыл сайын, тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін 15 лагерьді, сондай-ақ 35 жазғы маусымдық лагерлерді ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қазір бұл жұмыстар пысықталып жатыр», - деді министр. 
«Қазақстан халқына» қоры жолдаманың неліктен тек ауыл балаларына берілетінін түсіндірді. 

«Жалпы 20 мың бала деген, тек ерекше балалар ғана емес. Ауылдың мектептерінде оқып жатқан балаларды айтып отырмыз. Неге тек ауылдың балалары дегенге келсек, қаладағы балалар үшін мектептегі лагерьлер мен үйірмелер көп. Ауылдағы балалар да көрсін, олар үшін жаңа орта қалыптастыруды көздедік. Осал топ немесе қарапайым отбасының баласы деп бөлмейміз, біз үшін баланың бәрі бірдей. Сол үшін жақсы оқыған, кішкентай болса да батыр балалар бар, 5,6,7,8 сыныптың балалары үшін деп отырмыз. Бұл жерде мектеп пен оның қамқоршылық кеңесі Білім басқармасы бірлесіп өз тізімдерін жасап жатыр. Өйткені қай ауылда қандай бала оқып жатқанын біз білмейміз», – деді «Қазақстан халқына» қорының басқарма мүшесі Ләззат Шыңғысбаева

Сондай-ақ ол лагерлердің қандай талаптармен іріктелетінін атап өтті. Бүгінде елдегі мемлекеттік лагерьлердің барлығы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын қамтамасыз етіп отыр. Бюджеттік мекемелерде бос орын жоқ. 

Біз жекеменшік лагерь болса жақсыларын таңдаңыздар дедік. Сондай-ақ тек сауықтыру бағдарламасы ғана емес, балалардың дамуына қажетті мәдени, тарихи бағдарламалар болсын деген талап қойып отырмыз. Бұл қайырымдылық жоба болып отырғандықтан, жекеменшік лагерьлердің басшылары бізге бағасын жеңілдікпен берсін деген ұсыныс айттық. Бүгінде 17 өңірдің білім басқармасы 33 лагерьді таңдап, хаттамамен бекітіп берді. Бүгінгі таңда лагерьге қатысты бірнеше мәселе бар. Мысалы, Ұлытау облысында мүлдем лагерь жоқ. Енді ғана жобасы жасалып жатыр, оның қашан салынып пайдалануға берілетіні белгісіз. Сондықтан олар НЗМ базасында лагерь ұйымдастыру жөнінде өздері таңдады. Сол сияқты Маңғыстау облысында бір ғана лагерь бар. Балаларға қойылатын талап – сабақты жақсы оқы, мектепке үлес қос. Келесі жылы «Қазақстан халқына» жобасынан жолдама аласың, – деп қосты Ләззат Шыңғысбаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама