Оның перзенттерінде қорқыныш, үрей, депрессия пайда болған
Астанада 4 баласын қорқытып, депрессияға ұшыртқан ер адамға қатысты сот шешімі шықты.
Астана телеарнасының хабарлауынша, ол балаларымен бірге тұрған кезде оларды ұрып-соғып, қорлаған. Осыған байланысты жәбірленушілер полицияға бірнеше рет арыз беруге мәжбүр болған. Нәтижесінде ер адам бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Астана қалалық сотының мәліметіне қарағанда, ер адамның өзінің ересек балаларына көрсеткен зорлық-зомбылығы балалардың психоэмоционалды жағдайына (қорқыныш, өзіне деген сенімсіздік, суицидтік ойлар, депрессиялық күй және басқалар) әсер еткен.
Сонымен қатар, балаларға жасалған қатыгездік сотта психолог пен сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, балалардың сот отырысындағы түсіндірмелерімен, куәгерлермен және басқа да іс материалдарымен толық расталды.
Қылмыстық Кодекстің 75-бабы 4-бөлігіне сәйкес, балаға зорлық-зомбылық көрсетсе, оның ішінде оған физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасаса, жыныстық қатынасқа түсу қаупіне душар болса, ата-аналар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Сот шешімімен талап қою толық көлемде қанағаттандырылды, – делінген Астана қаласының кәмелетке толмағандар соты жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.
Сот сотталушыны ата-ана құқығынан айырды. Оларды ұстау үшін табыстың барлық түрлерінен ½ бөлік алимент өндіріп алды.
Шешім заңды күшіне енді.