×

Аудандық бөлім басшысы алған парасынан 30 есе артық айыппұл арқалады

Мойнына 12 миллион теңге ілініп отыр

 Еркеғали Болатұлы 17.05.2023 | 15:30
фото: Halyq Uni

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық сотының үкімімен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл төлейтін болды.

Ол «Бәйдібек ауданының Ағыбет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылыс нысанының жұмыстарын пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 400 мың теңге пара алғандықтан кінәлі деп танылды,- делінген Антикор хабарламасында.

Енді оның төлейтін айыппұл сомасы – 12 миллион теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама