Колледждер мамандарды кәсіпорындар тапсырысы бойынша даярлайтын болды
Яғни, студент колледж бітіргеннен кейін тапсырыс берушінің кәсіпорнына жұмысқа орналасады
Қазақстандық колледждерде кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша мамандар даярланады.
Білім және ғылым министрлігі кәсіпорындар сұранысы бойынша кадрларды мақсатты оқытуды енгізіп жатыр. Мұндай мемлекеттік тапсырыстың артықшылығы бар. Яғни, студент колледжді бітіргеннен кейін тапсырыс берушінің кәсіпорнына жұмысқа орналасады. Биыл кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланып отыр.
Мұндай ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын жаңартуға және еңбек нарығының сұранысына сай кадрлар даярлауға мүмкіндік береді. Яғни, белгілі бір мамандарға өтінім беру арқылы кәсіпорын өз өндірісіне сай дайындалған кадрларды алуға мүмкіндігі болады. Кәсіпорын колледж-студент-кәсіпорын үшжақты келісімшартына отырғаннан кейін оқуын аяқтаған студентті жұмысқа орналастыруға міндетті болатынын айта кетейін, - деді БҒМ техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.
Айта кетейік, мұндай ынтымақтастық студенттер үшін ғана емес, сондай-ақ мұғалімдер үшін де тиімді. Өйткені келісімшарт жасалғаннан кейін педагогтер серіктес кәсіпорын базасында тағылымдамадан өте алады. Оқу нәтижесі бойынша кәсіпорын студенттерден қорытынды емтихан қабылдайды.
Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін де нысаналы тапсырыс беріледі. Оларға мамандықтар тізімі бөлініп, түлектердің оқу мүмкіндіктеріне сәйкес жеке, бейімдеу бағдарламалары әзірленеді.
Елімізде 130 жуық мамандық жойылып барады – вице-премьер. Биыл колледждерде білім алуға гранттар саны 45 мыңға артады.