×

Әр университетте студенттік парламент құрылуы керек - БҒМ

Студенттік парламенттің мүшелерін студенттердің өздері сайлайды

 Айнұр Шошаева 17.04.2022 | 19:41
фото: facebook.com/askhat.aimagambetov

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі барлық өңірдің студенттерімен, студенттік парламент, Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің өкілдерімен және ЖОО-ның проректорларымен кездесті.

Еркін форматта өткен жиында студенттер ашық сұрақ қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Соның негізінде құрылымдылық бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді.

ЖОО басшылығы студенттердің бастамаларын қолдауы керек. Студенттер ұсынған қызықты жобаларды университеттер мүмкіндігіне қарай қолдауы қажет, әсіресе қаржылай қолдау.

Студенттік өзін-өзі басқару. Әр университетте студенттік парламент құрылуы керек. Мұндай ұйымдар студенттердің саяси және құқықтық мәдениетін дамытады. Бұл парламент формализм үшін ғана жұмыс істемеуі маңызды. Студенттік парламенттің мүшелерін студенттердің өздері сайлауы керек. Ал сайланған өкілдерге мәселелерді шешу үшін белгілі бір мүмкіндіктер ұсынылуы қажет. Мысалы, олар бос гранттарды немесе президент стипендиясын және т.б. жұмысты келісе алар еді. Осы және басқа да мәселелерді студенттік парламентпен келісіп қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Волонтерлік. Қоғамдық маңызы бар іс-шарамен айналысатын белсенді студенттердің санын көбейту үшін әртүрлі ынталандыру тетіктері бар. Мысалы, енді 20 сағаттық волонтерлік қызмет үшін студенттерге ваучер түрінде несие беріледі. Сондай-ақ олар 20 000 теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем ала алады. Егер студент 50 сағат жұмыс істесе, онда оған бес академиялық кредит (сағат) есептеліп, 50 000 теңге төленеді. Министр бұл ынталандыру шаралары екенін ескертті. Волонтерлік әлем бойынша ерікті негізде жүзеге асырылады.

Дебат қозғалысы. Дебат қозғалысын факультеттерден бастап, ел ауқымына дейінгі барлық деңгейде жүргізілуі керек. Министрі өзінің бұрын дебатқа қатысқанын еске салып, қазіргі студенттерді дебат қозғалысына белсенді қатысуға шақырамын.

Студент және спорт.  Өкінішке қарай, әлі Қазақстандағы барлық университет студенттерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етпеген. Спорт залдары студенттерге қолжетімді болуы керек. Сонымен қатар студенттік спорт лигаларын да дамыту қажет.

Министрмен басқосуда әлеуметтік GPA енгізу, «Жайдарман» қозғалысын дамыту, Жастар ісі жөніндегі комитеттердің жұмысы, ректорлардың студенттермен тоқсан сайынғы кездесуі және т.б. мәселелер талқыланды.

Айта кетейік, министрлік жанынан 70-тен астам студенттен тұратын студенттік кеңес құрылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23