Halyq Uni логотип
×

Мектепте ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады - вице-министр

Соңғы қоңырауды 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырылған форматта өткізу ұсынылды

 Еркеғали Болатұлы 16.05.2023 | 09:43
Мектепте ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады - вице-министр
фото: ашық дереккөз

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова биыл оқу жылының соңында мектептерде салтанатты іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар туралы айтты.

Оның айтуынша, соңғы қоңыраудың салтанатты жиыны мен іс-шараларын қалай өткізуді әр мектеп өзі шешеді. Ал мнистрлік дәстүрлі соңғы қоңырауды қолдайды.

Бірақ ведомствоның нормативтік құжаттарында мұндай іс-шараны өткізу бұдан бұрын да көрсетілмеген, - дейді вице-министр.

Министрлік бұл іс-шараны 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырылған форматта өткізуді ұсынады.

Бұл ретте Шолпан Каринова аниматорларды, мерекелік кештерді ұйымдастыру агенттіктерін, жеке студияларды жалдау үшін қаражат жинауға тыйым салынатынын ескертті. Сондай-ақ мұғалімдерге, мектеп әкімшіліктеріне сыйлық алу үшін ата-аналардан қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама