«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы іске асады
Елімізде әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға коммуналдық қызмет бағасы арзандайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.
Оның айтуынша, шығынды азайту мемлекет тарапынан көрсетілетін тұрғын үй көмегі аясында өтеледі.
Жалпы, былтыр жыл соңында өтемақы мөлшері мен оны алуға үміткерлердің қатарын көбейтуге өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде биыл І тоқсан қорытындысы бойынша 17 мың отбасыға 372 млн теңгеден аса тұрғын үй көмегі көрсетілген, – деді ол.
Сонымен бірге, мемлекет басшысы қажетті барлық жүйені жаңғыртуға және күрделі жөндеуге бағытталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруды тапсырған еді.