Мемлекеттен бөлінген қаржы толық жетпейді
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Алматыдан айтыс ақындарына арнайы ғимарат беруді сұрады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ол депутаттық сауалын премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдады.
«2012 жылғы 1 тамызда «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған еді. Бүгінде одақ мүшелігінде 250-ге тарта айтыскер мен жыршы, термеші бар. Одақ құрылғаннан бері 110 халықаралық және республикалық, 100-ден аса облыстық, аудандық айтыс өткізілді. 5 рет республикалық жыршы-термешілер байқауы жеке кәсіпкерлердің көмегімен ұйымдастырылды.
Алайда мұндай зор іс-шараларды жүзеге асырып отырған одақтың әлі күнге дейін бір тұрақты ғимаратының жоқтығы өкінішті-ақ, - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, мемлекет тарапынан айтысқа бөлінетін қаржы да одаққа белгісіз себептермен толық жетпейді.
Ринат Зайытов Үкімет басшысының орынбасарынан жоғарыда айтылғандарды ескеріп, төмендегі мәселеге назар аударуды сұрады: