Мектепте мамандардырылған күзет қойылған
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, бұл жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр. Дегенмен тиісті лауазымды тұлғалар жауапқа тартылған.
Оның үстіне, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша қаражат бөлініп, турникеттер орнатылып, сол мектепте мамандардырылған күзет қойылған.
Бүкіл білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатырмыз. Ол бойынша жергілікті әкімдіктермен, ондағы басқармалармен бірге жұмыс атқарылуда. Бұған қатысты Үкіметтің тиісті тапсырмасы бар. Ол шараларды алдағы оқу жылы, яғни қыркүйекке дейін бітіреміз, – деді Шолпан Каринова.
Айта кетейік,13 ақпанда Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепте 3 оқушыны балтамен жарақаттаған еді.