×

Түркиядағы президент сайлауы: 2-тур өтуі мүмкін бе

Қазірге дейін 98,67% дауыс саналды

 Халық үні 15.05.2023 | 10:36
Фото: ашық дереккөз

Түркияда 14 мамырда президент сайлауы өтті. Кейінгі деректер бойынша, президенттікке үміткер болғандардың арасында Режеп Тайып Ердоған көш бастап тұр.

CNN Turk ақпаратына сәйкес, қазірге дейін 98,67% дауыс саналды. Соның алдын ала қорытындысы бойынша:

  • Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған – 49,34%;
  • «Ұлттық альянс» оппозициялық бірлестігінің кандидаты Кемал Кылычдароғлу – 45%;
  • Синан Оган – 5,22%;
  • Мухаррем Инже – 0,43%.

Алайда президенттікке үміткерлердің арасында бірінші кезеңде ешкім 50% дауыс жинаған жоқ. Соған байланысты сайлаудың екінші кезеңі 28 мамырда өтуі мүмкін.

Ал сайлаудың түпкілікті қорытындысы бірнеше күннен кейін жарияланады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама