Түркиядағы президент сайлауы: 2-тур өтуі мүмкін бе
Қазірге дейін 98,67% дауыс саналды
Түркияда 14 мамырда президент сайлауы өтті. Кейінгі деректер бойынша, президенттікке үміткер болғандардың арасында Режеп Тайып Ердоған көш бастап тұр.
CNN Turk ақпаратына сәйкес, қазірге дейін 98,67% дауыс саналды. Соның алдын ала қорытындысы бойынша:
- Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған – 49,34%;
- «Ұлттық альянс» оппозициялық бірлестігінің кандидаты Кемал Кылычдароғлу – 45%;
- Синан Оган – 5,22%;
- Мухаррем Инже – 0,43%.
Алайда президенттікке үміткерлердің арасында бірінші кезеңде ешкім 50% дауыс жинаған жоқ. Соған байланысты сайлаудың екінші кезеңі 28 мамырда өтуі мүмкін.
Ал сайлаудың түпкілікті қорытындысы бірнеше күннен кейін жарияланады.