Атырау облысындағы 20 мектепте үзілістердің ұзақтығы негізсіз қысқарған

Динара Амантай

18 481 оқушының құқығы қалпына келтірілді

Фото: Halyq Uni

Атырау облысы Жылыой ауданының мектептерінде сабақтардың арасындағы үзіліс негізсіз қысқартылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жылыой ауданы прокуратурасының мәліметінше, жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары үшін сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығын реттейтін заңнаманың сақталуына талдау жүргізілген. Оның нәтижесінде аудан мектептерінде үзілістердің ұзақтығы негізсіз қысқарғаны анықталды, бұл оқушылардың сабақтар арасында демалу құқығын шектеді.

Прокурорлық ден қою шараларымен аудандық Білім бөлімі 863 сынып үшін сабақ кестесін түзетіп, ауданның 20 жалпы білім беретін мектебінде 18 481 оқушының құқығын қалпына келтірді.