Екібастұзда ер адам өзіне қол жұмсамақ болды
Ол өзінің туған күнінде осындай қадамға барғысы келген
Екібастұздық полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 13.40 шамасынды ПБ кезекші бөліміне Торайғыров көшесінде орналасқан 5 қабатты үйдің төбесінен ер адам секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторлары Нұрсұлтан Серікбаев пен Мәулет Қарыбаев келіп, шатырдың бір шетінде тұрған ер адамды көрді. Ер адам оған біреу жақындаса, секіретінін айтқан.
Төбеге көтеріліп, ер адаммен сөйлесе бастадым. Оның назарын аудару үшін сұрақтар қойдым. Ол бүгін оның туған күні екенін және оны ренжіткенін айтты. Мен оған соған бола секірмей-ақ, екеуміз бірге осы мәселені шешейік дедім, - деді Нұрсұлтан Серікбаев.
Осы кезде учаскелік полицей оны өзіне тартып, бірінші баспалдақпен түсіре бастады. Төменде жедел медициналық көмек күтіп тұрды. 28 жастағы ер адам дәрігерлерге тапсырылды.