Halyq Uni логотип
×

Конституциялық сотқа ай сайын 500-ден астам азамат жүгінеді

Бірақ көбі Конституциялық заң талаптарына сәйкес келмепті

 Ербол Тұрымбет 13.05.2023 | 18:02
Конституциялық сотқа ай сайын 500-ден астам азамат жүгінеді
Фото: opennews.kz

Биыл қаңтардан бері Конституциялық Сотқа конституциялық бақылау органына жүгінуге құқығы бар субъектілерден 2,7 мың өтініш түскен. Оның 25 %-ы ғана заңдардың және өзге де құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру мәселесін көтереді.

Өтініштердің 99%-ы азаматтардан келген, олар мына мәселелерді көтерген:

- сот шешімдерімен келіспеу – 42%;

- НҚА немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану – 25%;

- ақпаратқа қол жеткізу – 3,5%;

- еңбек заңнамасын сақтау – 1,3%;

- әлеуметтік қамсыздандыру – 1,4%;

- қылмыстық-атқару жүйесі – 1,4%.

Өтініштер саны бойынша Астана мен Алматы қалаларының, Қостанай, Қарағанды және Жамбыл облыстарының тұрғындары алда тұр.

Жұмыстың бірінші айында Конституциялық сот 826 өтініш тіркеген. Дегенмен көбі Конституциялық заң талаптарына сәйкес келмепті.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының, оның ішінде заңгерлік қоғамдастықпен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өтініштердің сапасы жақсарған, оған конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер де дәлел бола алады, – деп жазылған Конституциялық соттың хабарламасында.

Бүгінде 9 іс бойынша конституциялық іс қозғалған, тағы 44 іс судьялардың алдын ала зерделеуінде.

Өтініштер статистикасына көз жүгіртсек, ай сайын Конституциялық сотқа орта есеппен 500-ден астам азамат жүгінеді, яғни:

ақпанда – 680;

мамыр – 536;

сәуір – 568.

Конституциялық Соттың 4 айлық қызметінде 11 нормативтік қаулы, оның 8-і азаматтардың өтініші бойынша шығарылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама