Жуырда бұл шабуылдың видеосы желіде тараған болатын
Астанада бұрынғы әйелін ұрған ер адам құрықталып, уақытша ұстау камерасына қамалды. Тәртіп бұзушы 15 тәулікке қамауға алынды.
25 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қаулысымен кінәлі адам 15 тәулікке қамалып, әкімшілік қамауға алынған тұлғаларға арналған қабылдау орнына орналастырылды.