Halyq Uni логотип
×

Бұрынғы әйелін көшеде ұрып кеткен елорда тұрғыны қамауға алынды

Жуырда бұл шабуылдың видеосы желіде тараған болатын

 Қымбат Елтайқызы 15.04.2022 | 17:00
Бұрынғы әйелін көшеде ұрып кеткен елорда тұрғыны қамауға алынды
фото: видеодан скриншот

Астанада бұрынғы әйелін ұрған ер адам құрықталып, уақытша ұстау камерасына қамалды. Тәртіп бұзушы 15 тәулікке қамауға алынды.

25 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қаулысымен кінәлі адам 15 тәулікке қамалып, әкімшілік қамауға алынған тұлғаларға арналған қабылдау орнына орналастырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама