Әскери борышын өтеген алматылықтар университетке ҰБТ-сыз түсе алады
Бүгінде Қазақстан бойынша 3 мың грант қарастырылған
Алматыда Отан алдындағы борышын өтеген жастар ұлттық бірыңғый тестілеуді (ҰБТ) тапсырмай-ақ жоғарғы оқу орнына түсе алады. Бұл туралы Алмалы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының басшысы, полковник Айдар Мүсірепов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Әскерге шақыру 1 наурыздан 30 маусымға дейін жүргізіледі.
«Әскери қызмет туралы» заң мен президент Жарлығы негізінде қазақстандықтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізіледі. Алматыдан 3 мың адам әскерге шақырылады. Денсаулығы жарамағандар әскерге алынбайды. Бүгінде мерзімді әскери қызметке 760 адам алынды», - деді Айдар Мүсірепов өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі Отан алындағы борышын өтеген жастар үшін университке түсуге жағдай жасап отыр. Бұл орта мектепті бітіргені туралы аттестаты, техникалық, кәсіптік, орта немесе жоғары білімі туралы құжаты бар қазақстандықтарға қатысты. Олар ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу құқығына ие болады.
Университетке түсу кезінде олар әскери кафедрада емтихансыз тегін білім ала алады. Сондай-ақ мерзімді әскери қызмет кезеңінде жауынгерлік даярлық бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізген, запасқа шығарылған сарбаздар ҰБТ-сыз ЖОО есебінен оқуға мүмкіндік беріледі, - деді полковник.
Оқуға түсу үшін қандай құжаттар керек?
- ХҚКО-дан мерзімді әскери қызметті өткеру туралы анықтама;
- Әскери билеттің көшірмесі;
- ЖОО-ға құжаттардың тізімін ұсыну.
Бүгінде еліміз бойынша 3 мыңға жуық грант бөлінді. Бұл бастаманы 70-ке жуық университет қолдаған:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ);
- Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (ҚазҰТЗУ);
- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті ("Қазұазу"КЕАҚ);
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ);
- Логистика және көлік академиясы (ЛжКА);
- Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (ОҚМУ);
- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (ОҚМПУ);
- Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ);
- Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (БҚАТУ);
- Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (АтУ);
- Торайғыров университеті (ToU);
- Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті және тағы басқа.