Оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді
Семейде жол-көлік оқиғасының салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 11 мамырда сағат 19:00 шамасында Қ.Мұхамедханов-Абай көшелерінің қиылысында Hyundai Sonata автокөлігі мен Honda мотоциклі соқтығысқан. Апат салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.