Кәсіпкерлікті дамыту жобасының нәтижесінде 200 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 20 мың жұмыссыз адам қамтылды
Биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 286,2 мың адам қатысты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 194,7 мың, оның ішінде 73,5 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Субсидияланатын жұмыс орындарына 121,2 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 13,5 мың, жастар практикасымен 7,4 мың, қоғамдық жұмыстармен 87,5 мың, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,1 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 92 және «Күміс жас» жобасы аясында 9,6 мың адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 20 мың жұмыссыз қамтылған. Оның 18 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 67,4 мың адам қамтылды. Оның 49,5 мыңы оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 50,5 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Бірінші лек бойынша 2 564 грант берілді.